Күндердің күні бір балықшы әдеттегідей маңдай терімен адал нәпәқасын таппақ болып, қармағы мен ауын арқалап өзен жағасына келеді. Құдайдан ризық тілеп, ауын суға тастап іске кірісіп те кетеді. Алайда, қармағына шабақ та іліне қойған жоқ. Пақыр балықшы еш үмітін үзбей, Жаратқанға жалбарынып, күн ұзақ тырбанып еңбектенді. Үйге балықсыз қайтуға болмайды. Өйткені, бала-шағасы аш отыр.
↧